Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"17 жасында бердім": Наркенже Кенжебаева қызының бір жылдан соң күйеуімен ажырасып кеткенін мәлімдеді

Опубликовано:

Наркенже Серікбаева
Наркенже Серікбаева. Скриншот: "Менің өмірім" бағдарламасы

Әнші Наркенже Серікбаева үлкен қызының күйеуімен ажырасып кеткенін айтты. Бұл туралы "Менің өмірім" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Жастар бақытты болып кетуі үшін екі жақтан қолдау керек. Жалғыз менің қолдағаным ештеңе болған жоқ. Мені де, оны да 17 жасынан алды ғой. Бала жасынан алды ғой. Ол кісілерді кінәламаймын. Бірақ мен бала күйінде бердім ғой. 17-де әлі ойын баласысыз ғой. Оны ене болып тәрбиелей алмағаннан кейін, кімге ренжиді?

Ренжімеймін ол кісілерге де... Тағдыры шығар қыздың. Бірақ кейінгі енелерге сабақ болсын деп айтқым келеді. "Мен келінге қызымдай қараймын", - дейді ғой. Өтірік оның бәрі. Өзіңнің қызың өзіңе әрең сыйып жүргенде, біреудің қызын қалай қыз қыласың?!

Жай жіберіп, арасында қысып... Солай істесе сыяды деп ойлаймын. Бала күнін де, келін кезін де ұмыттырмау керек. Күйеу балама жақсы ене болған сияқтымын.

Бір жыл тұрды... Қызыма: "Артқа қарама" деймін. "Менің қаным таза. Сенің де қаның таза. Жаман ештеңе істемейсің. Бірақ алға", - деп айттым. Тәрбиелеуге болады. Ерке болып өсті ғой, жалғыз қыз болып... Орта жастағы адамдарға барғанда қуанып едім. Қазіргі ата-ана ұл ажырасса да, қыз ажырасса да, үмітін үзбеу керек. Мен де қызымнан үмітімді үзбеймін. Әлі-ақ бақытты болып кетеді", - деді Наркенже Серікбаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2035139-bir-zyl-turdy-narkenze-serikbaeva-17-zasynda-turmysqa-syqqan-qyzynyn-azyrasyp-ketkenin-malimdedi/

pixel