"Құптамай отыр": Ерке Есмахан гендер-патиге Раимның қарсы екенін айтты (фото)
Жарияланған күні:
Жақында аяғының ауыр екенін хабарлаған Ерке Есмаханнан көпшілік гендер-пати өткізуді сұрауда. Әнші баланың жынысын жария етуге жұбайы Раимның қарсы екенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Бұл жайлы Ерке Есмахан Instagram парақшасында оқырман сауалына жауап беру барысында айтты.
"Гендер-пати қашан?", - деп сұрады әншінің оқырманы.
Ал Ерке Есмахан гендер-пати өткізуді жұбайының құптамай отырғанын жеткізді.
"Раим құптамай отыр. Бірнәрсе ұйымдастырайық деп қанша айттым. Әлде де айтып көремін. Бірақ, болмайды-ау сол", - деп жауап берген Ерке Есмахан.
Айта кетейік, осыған дейін Ерке Есмахан баланың жынысын өздері білетінін жеткізген болатын.
Сонымен қатар жұлдызды жұп жақында нәрестелі болатынын бейнебаян арқылы хабарлады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2035459-quptamai-otyr-erke-esmaxan-gender-patige-raimnyn-qarsy-ekenin-aitty-foto/