"Ырымын жасадық": әнші Нұржан Керменбаев кенже ұлының тұсауын кесті (видео)
Опубликовано:
Әнші Нұржан Керменбаев кенже ұлының тұсаукесерін өткізді. Өнер иесінің төртінші баласы Имран 1 жасқа толған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Имран 1 жасқа толды. Тұсаукесер кешінен естелік. Имран ойланбастан, кілт таңдады. Көкесіне ұқсаған бизнесмен болып, ай сайын көлік ауыстырады деп күлдік. Отбасымызбен өзіміз ғана атап өтті. Салтымыз бойынша ырымын жасадық", - деп жазды Нұржан Керменбаевтың жұбайы Instagram парақшасында.
Желі қолданушылары әншінің ұлына бар жақсылықты тілеп, жылы лебізін жаудырды.
"Қадамы құтты болсын", "Өмірі ұзақ болсын", "Үлкен азамат болсын", - деп жазды желідегілер.
Айта кетейік, былтырғы жылы Нұржан Керменбаевтың жұбайы төртінші перзентін дүниеге әкелді. Әншінің отбасы өмірге келген ұл балаға Имран деген есім берген болатын.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2035619-yrymyn-zasadyq-ansi-nurzan-kermenbaev-kenze-ulynyn-tusauyn-kesti-video/