Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қатты сөйлегенім бар": "Нысана" театрының мүшесі Әбунасыр Серіковпен арадағы жағдай туралы айтты

Опубликовано:

Әбунасыр Серіков
Әбунасыр Серіков. Фото: ticketon.kz

"Нысана" театрының белді мүшесі әрі режиссері Дәнекер Оразбай театр директоры Әбунасыр Серіковпен болған түсініспеушілікке қатысты пікір білдірді. Бұл туралы "Хабар" арнасындағы "Ұйқым келмейді" бағдарламасында айтылды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Біз ол кісімен азды-көпті он жыл жұмыс істестік. Театр соңында айқай-шумен тарады деп айта алмаймын. Өнер болған соң, командалық жұмыс болған соң көп келіспеушіліктер болды. Жаздың күні көрермендер концерт көру үшін мәдениет сарайына келмейді. Күн ыстық. Қаңтар айы да сондай. Жабылатын маусым.

Жаздың күндері концертте 27 адам отырады. Директорымыз Әбунасыр аға болса: "Шығамыз. Үш адам болса концерт береміз. Себебі біз өнер адамымыз", - дейді.

Күн ыстықта әбіржіп жүргенде балалардың атынан қатты сөйлеп қойғаным бар. Шу шығатындай ештеңе болмады", - деді театр режиссері әрі актері Дәнекер Оразбай.

Айта кетелік, "Нысана" әзіл-ысқақ театры 2007 жылы құрылып, көрермендер алдында он концерт берген болатын.

Кейін команда тарап, театр бес жыл бойы жұмысын тоқтатты. Қазіргі таңда театр актерлері қайта жиналып, "Нысананың" үлкен сахнаға оралатынын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2035672-qatty-soilegenim-bar-nysana-teatrynyn-musesi-abunasyr-serikovpen-aradagy-zagdai-turaly-aitty/

pixel