Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Келіншегім орамалмен жүреді": танымал әзілкеш жұбайын неліктен көп көрсетпейтінін айтты

Опубликовано:

Нұрбол Айтулов келіншегімен
Нұрбол Айтулов келіншегімен. Фото: instagram/nurbol_aitulov

"Нысана" театрының актері, халыққа танымал әзілкеш Нұрбол Айтулов жеке өмірі туралы айтты. Бұл туралы "Ұйқым келмейді" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Мен келіншегімді көп сала бермеймін. Өйткені ол каскамен жүреді (күлді). Каска дегенде, орамал ғой енді... Келіншегім, төрт балам бар.Үш ұл, бір қыз тәрбиелем отырмын. Әкеме жетіп қалдым", - деді Нұрбол Айтулов.

Әзілкештің "Нысана" театрындағы әріптесі Дәнекер Оразбай Нұрбол Айтуловтың жұбайы желіге көп шықпағанымен, өмірде өте көңілді адам екенін айтты.

Еске сала кетейік, осыдан бес жыл бұрын қызметін тоқтатқан "Нысана" театры үлкен сахнаға қайта оралды. Бүгінде театр мүшелері халық алдына қайта шығуға дайындалуда.

Ал бұған дейін Дәнекер Оразбай театр директоры болған Әбунасыр Серіковпен арадағы түсініспеушілік туралы айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2035757-kelinsegim-oramalmen-zuredi-tanymal-azilkes-zubaiyn-nelikten-kop-korsetpeitinin-aitty/

pixel