"Жақсы өмір сүрдік": Жахан Отарғалиев Балжан Бидашпен не үшін ажырасқанын ашып айтты
Жарияланған күні:
Осыдан бірнеше күн бұрын әнші Балжан Бидаш жұбайы Жахан Отарғалиев екеуінің екі жаққа кеткенін ресми түрде мәлімдеді. Актер Жахан Отарғалиев "НТК" арнасының "OZMZ ғой" бағдарламасына тікелей эфирге келіп, Балжанмен не үшін ажырасқанын ашып айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Біріншіден, біз халық алдында жүрдік. Мен ешқашан, қалай қиналсам да отбасыммен хайп жасамаймын. Ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды. Ол кез келген нәрседен шығып кетуі мүмкін. Аллаға шүкір, біз жақсы өмір сүрдік. Қазір біздің арамызда болып жатқан жанжал тек екеуімізге қатысты. Ол екеуіміздің арамызда қалуы тиіс. Қазір "Өзі жоқтың - көзі жоқ" деп, екеуіміз жайлы айтып, өзімді күшті қып көрсетіп қойғаным болмайды.
Ол видеоны негізі әлеуметтік желіге салмаймын деген едім. Эмоциямен кетіп қалды. Ертесіне неге істедім деп, өкініп қалдым. Біз бет жұлысып, соттасып жатқан жоқпыз. Түсініспеушілік болды. Қазіргі таңда бір-бірімізді көшеде кездестірсек, танымай өтетіндей жағдайда емеспіз. Өте жақсы қарым-қатынастамыз", - деді Жахан Отарғалиев.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Балжан Бидаш Жахан Отарғалиевпен ажырасқанын ресми түрде растады.
"Сіздер шындықты білуге лайықтысыздар. Осы уақытқа дейін біз үшін алдаңдап жатқандарыңызға рахмет. Сондықтан "рас па, өтірік па" деген ақпаратты "Біз екі жаққа кеттік" деп растаймыз. Өмір болған соң біз күтпеген жағдайлар болады екен. Әркім өзінше бақытты болатынына сенемін", - деп жазған болатын Балжан Бидаш.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2035841-zaqsy-omir-surdik-zaxan-otargaliev-balzan-bidaspen-ne-usin-azyrasqanyn-asyp-aitty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.