Рамазан Стамғазиев әйелі Ұлту Қабаеваны көру үшін 12 шақырым жаяу жүріп баратын кезін еске алды
Жарияланған күні:
Рамазан Стамғазиев пен Ұлту Қабаева сахнадағы тамынал жұлдызды жұптың бірі. Дәстүрлі әнші танысқан кезде сүйіктісін көру үшін 12 шақырым жаяу жүріп баратынын "Ұйқым келмейді" бағдарлмасында айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Бағдарлама жүргізушісі әншіден "Ұлту апайды көру үшін кезінде 12 шақырым жаяу барып қайтады екенсіз", - деп сұрады.
Ал Рамазан Стамғазиев бұл оқиғаның Ұлтумен алғаш танысқан уақытта болғанын баяндап берді.
"Біз оқуға түскен жылы картошка теруге жіберді. Кешкісін алау жағып, ән айтып, концерт қоямыз. Сөйтіп жүргенде талай қыздармен таныстық қой. Соның ішінде жаныңды түсінетін, жаныңа жақын жүретін, пікіріңді бөлісетін адам болады. Соның бірі ең алғаш қадам басқан, жолдастарыма да ұнағаны - Ұлту болды.
Содан Ұлтуға суық тиіп, ауырып қалды. Ол ауруханаға жатып қалды. Кешкі тамаққа үлгеру керек, адам сияқты хәлін сұрайын деп, жүгірдік. Жүгірмегенде қайтесің? "Қалың қалай? Жақсы ма?" деп, ол "Жақсы" деп жауап берсе, бұрылып қайта жүгіріп кететін күндеріміз болған", - деді Рамазан Стамғазиев.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Ұлту Қабаева күйеуі Рамазан Стамғазиевпен алғашында дос болғанын, кейін достығының махаббатқа ұласқанын баяндап берген болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2036412-ramazan-stamgaziev-aieli-ultu-qabaevany-koru-usin-12-saqyrym-zayau-zurip-baratyn-kezin-eske-aldy/