Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Базарға айналдырды": Рамазан Стамғазиев беташардан шоу жасайтындарды сынға алды

Опубликовано:

Рамазан Стамғазиев
Рамазан Стамғазиев. Фото: instagram.com/ramazan_stamgazy

Дәстүрлі әнші Рамазан Стамғазиев 30 жылға жуық уақыттан бері келіннің бетін ашып, "беташар королі" атанған. Өнер иесі "Ұйқым келмейді" бағдарламасында бүгінгі таңда беташар салтының бизнеске айналғанын сынға алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Қазір беташарды бизнеске айналдырып жіберді. Қайын атасы кетіп бара жатқан жерінен қайтадан ақша салдырады. "Сал, сал" деп, сауда-саттық, базарға айналдырды. Беташар негізі олай емес қой.

Ауылға келін түскенде ауылдың ақсақалдарын, ел сыйлаған азаматтарын әкеліп, ақыны мен жырауын алғызады. Олар арнайы дайындалып, келінге қай әулетке түскенін, қайдан келгенін, тектілікті түсіндіріп, сәлемін салдырып, ортаға сіңіп кетуге жағдай жасайды. Отырып алып ақша жинап, біреудің ақшасын аз көруге болмайды. Қазір де бет ашып жүрмін. Бірақ біреуге "Осынша ақша сал" деп айтпаймын", - деді Рамазан Стамғазиев.

Сонымен қатар дәстүрлі әнші беташар табағына таласатын той иелері барын да ашып айтты.

"Бұрын қандай болғанын білмеймін. Қазір беташардан кейін ақша салынған табаққа таласатындар бар. Ақшасын санайтындар бар. "Айналайындар, бұл Құдайдың берген ризығы. Тойға барам, мен ашам деп таласып жатқан жоқпын. Осы ағаның жолын берсін деп шақырып, сосын табаққа түскен ақшаға таласуың миға сыймайды" деймін. Бір тиын түссе де, екі тиын түссе де, ол бет ашқан адамға бұйырсын. Ол тойдан қайтады", - деді Рамазан Стамғазиев.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Рамазан Стамғазиев домбыраны "харам" деген ер адамның видеосына қатысты пікір білдірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2036421-bazarga-ainaldyrdy-ramazan-stamgaziev-betasardan-sou-zasaityndardy-synga-aldy/

pixel