"Әлі сот болып жатыр": әнші Тұрар Ыдырыс бұрынғы продюсерімен арадағы жанжал жайлы шындықты айтты
Жарияланған күні:
Әнші Тұрар Ыдырыс биылғы жылдың басында продюсерінен кеткен болатын. Өнер иесі әлі күнге продюсерімен соттасып жатқанын "Еркін подкаст" жобасында айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"2023 жылдың басында азадаған мәселе пайда болды. Продюсерімнен кеттім. Жақсы кетемін деп ойлап едім, соттастық. Бүкіл әндерімді алаңдардар өшірді. Youtube желісіндегі барлық бейнебаяндарымды өшірді. Осыдан кейін сағым сынып, "Құрсын, қоя салайын ба" деп жүр едім.
Құдай қарасып, Қытайға барып келдім. Шетелде қанша тыңдармандарым барын көрдім. Осыдан кейін жиналдым.
Продюсермен арада бір жанжал болды. Оны әңгіме қылғым келмейді. Қысқаша айтып өтейін. Ол кісілер өте үлкен сомада ақша сұрады. Мен оны бере алмайтынымды айттым. Адам сияқты кетуге тырыстым. Болмады. Соттастық. Әлі күнге дейін сот болып жатыр. Аяқтан шалу, барлық жерге хат жіберу секілді әңгіме болды. Бір-екі жобадан алып тастағанын естідім. Қолынан келгенше істеп жатыр. Біз телевидениеге, мемлекеттік жобаларға тәуелді емеспіз. Біз өзіміздің өнерімізге сенеміз", - деді Тұрар Ыдырыс.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2036428-ali-sot-bolyp-zatyr-ansi-turar-ydyrys-buryngy-prodyuserimen-aradagy-zanzal-zaily-syndyqty-aitty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.