Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда Азамат Мұсағалиевтің қатысуымен өтетін концертке билет сату тоқтатылды

Опубликовано:

Азамат Мусагалиев. Фото: t.me/azabraza84
Азамат Мұсағалиев. Фото: t.me/azabraza84

Ресейлік әзілкеш Азамат Мұсағалиевтің төңірегіндегі жанжалдан кейін Қазақстанда "Камызяки" КВН командасының шоуына билеттерді сату тоқтатылды, деп хабарлайды КТК телеарнасының сайты.

Телеарнаның хабарлауынша, онлайн-сервистерде сатып алу опциясы кенет жоғалып кеткен, сондықтан Азамат Мұсағалиевтің концертіне орын броньдау енді мүмкін емес.

Онлайн платформалардың байланыс орталықтары ұйымдастырушылардың өздері сатуды жабу туралы шешім қабылдағанын мәлімдейді.

"Ұйымдастырушылар тарапынан олардың сатылымдары уақытша жабылғаны белгілі болды. Дәл осы концертке. Күте тұруларыңызды сұраймыз, бірақ, өкінішке қарай, бұл концерт туралы ақпарат жоқ", - дейді Kino.kz платформасының өкілдері журналистерге.

Билеттер сатылымы Ticketon платформасында да жабық. Олар сондай-ақ ұйымдастырушылардың өздері билеттерді сатуды тоқтатқанын айтты, бірақ бұл Мұсағалиевке қатысты жанжалға байланысты болды ма деген журналистердің сұрағына жауап бермеді.

Дереккөз: КТК

Айта кетейік, "Камызяки" командасының Instagram желісіндегі ресми парақшасында, сондай-ақ Telegram арнасында Алматы мен Астанадағы өнер көрсетулері туралы афиша әлі де бар. Өнерпаздардан концерттің тоқтатылатыны туралы ақпарат болған жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін "Камызяки" КВН командасының капитаны Азамат Мұсағалиев пен оның әріптесі Денис Дорохов Украина қауіпсіздігіне қауіп төндіретін тұлғалар тізіміне енгізілген болатын. Тиісті тізімді "Миротворец" сайты жариялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2036532-qazaqstanda-azamat-musagalievtin-qatysuymen-otetin-koncertke-bilet-satu-toqtatyldy/

pixel