"Күшті келін болуға тырыстым": актриса Айнұр Ілиясова алғаш ана атанғанда күйзеліске түскенін ашып айтты
Жарияланған күні:
Актриса Айнұр Ілиясова алғаш ана атанған кезін еске алды. Ол "МОМ’skий әңгіме" бағдарламасында бірінші сәбиін босанғаннан кейін мансабын ұмытып, күшті келін, күшті әйел болуға тырысқан күндері жайлы айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Бірінші балам өмірге келгенде бәрін ұмыттым. Мансабымды ұмыттым. Толықтай күшті келін, күшті әйел болуға тырыстым. Отыз күн ішінде бір тамақты қайта дайындамайтынмын.
Бірақ мен өзімді жоғалтып алдым. Мен кіммін? Мен не істеп жүрмін? Таңертең оянамын, бақыттымын. Құдайға шүкір, күйеуім бар. Балам аман-есен. Менің денім сау. Не керек?
Ол - күйзеліс. Омырауың ісіп кеткен, күні бойы жылайсың. Күні бойы бала-тамақ-бала деген әлекпен жүресің. Сен өзіңді ешкім емеспін деп есептейсің", - деді жан сырын ақтарған Айнұр Ілиясова.
Айта кетейік, осыған дейін Мақпал Исабекова босанғаннан кейін күйзеліске түскенін баяндап берген болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2036596-kusti-kelin-boluga-tyrystym-aktrisa-ainur-iliyasova-algas-ana-atanganda-kuizeliske-tuskenin-asyp-aitty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.