Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өзіме ұрыстым": босанудан кейінгі күйзеліс жайлы айтқан Мақпал Исабекова көзіне жас алды

Опубликовано:

Мақпал Исабекова
Мақпал Исабекова. Фото: "МОМ’skий әңгіме" бағдарламасы

Әнші Мақпал Исабекова босанғаннан кейін күйзелісті басынан өткізгенін баяндап берді. Өнер иесі "МОМ’skий әңгіме" бағдарламасында жан сырын ақтарып, көзіне жас алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Тұрмысқа шығып, бірден жүкті болдым. Босанғаннан кейін анам, күйеуім, жиенім, көмекшілерім болды. Босануым ауыр өтті. Мені кесарь тілігі арқылы босандырды. Бұйырғаны болды. Мен баламды жақсы көріп тұрмын. Бірақ, менің ішкі жан-дүнием бос еді.

Сен еріккенсің. Балаң бар, күйеуің бар деп өзіме ұрыстым. Босанғаннан кейін жағдайы жасалмаған әйелдер бар. Ата-енесіне қарайтын әйелдер бар. Саған тіпті тамақ дайындаудың, үй жинаудың керегі жоқ. Ана болғаның үшін қуанып, балаңды махаббатқа бөле деймін. Бірақ мен өзіме не болғанын түсіне алмадым. Ұйқыдан тұрамын, жылағым келеді. Күйеуім "Жаным, бәрі жақсы" дейді. Мен өз-өзіме ұрысамын", - деп көзіне жас алды Мақпал Исабекова.

Айта кетейік, Мақпал Исабекова 2022 жылдың жазында ұлды болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2036559-ozime-urystym-bosanudan-keiingi-kuizelis-zaily-aitqan-ansi-maqpal-isabekova-kozine-zas-aldy/

pixel