Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Продюсер Алуа Қонарова жеке өмірі жайлы құпиясын бөлісті (фото)

Опубликовано:

Алуа Қонарова
Алуа Қонарова. Кадр: YouTube/ Ardak Alanya

Продюсер Алуа Қонарова әлеуметтік желіде оқырман сауалына жауап беріп, жеке өмірі жайлы сыр шертті. Өнер иесі Instagram парақшасында қайта тұрмысқа шығу мен бала асырап алуға қатысты ойын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Оқырмандарының бірі Алуа Қонаровадан "Кешіріңіз, неге тұрмыста емессіз?", - деп сұраған.

Ал Алуа Қонарова екі рет тұрмыста болғанын және қазіргі уақытта тұрмысқа шығатын ойы жоғын жеткізді.

"Мен мінсіз адам іздемеймін. Мен адекватты адаммын ғой. Екі рет тұрмысқа шығып, ұзақ уақыт қарым-қатынас құрдым. Қазір демалыс алып, рахаттанып жүрмін. Ешқашан ер адамға тәуелді болған емеспін. Ешкім басымды ауыртпағасын, өмірдің рахатын сезінудемін. Әзір тұрмысқа шығатын ойым жоқ", - деп жауап берді.

Сонымен қатар продюсер желі қолданушыларының сұрағына жауап беру барысында қазір бала асырап алатын ойы жоғын да жеткізді.

Алуа Қонарова сторис
Алуа Қонарова сторис. Скриншот: instagram.com/aluakonarova

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2036604-prodyuser-alua-qonarova-zeke-omiri-zaily-qupiyasyn-bolisti-foto/

pixel