Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Анасына қошемет көрсетейік": Садраддин "Жыл әншісі" атағына ие болды

Опубликовано:

Садраддин Болат жеке концертінде
Садраддин Болат. Фото: instagram/sadraddinn

Жақында жеке кешін өткізген жас әнші Садраддин Болат "Жыл әншісі" атанды. Бұл жайлы Ләйлә Сұлтанқызы Instagram парақшасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Бүгін маған "Жыл әншісінің" есімін атау бұйырыпты", - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

Сонымен қатар видеода Ләйлә Сұлтанқызының ""Үздік әртіс - 2023" номинациясы бойынша жеңімпаз - Садраддин. Осындай баланы өмірге әкелген Садраддиннің анасына бір қошемет көрсетіп қояйық" дегенін байқауға болады.

Айта кетейік, осыған дейін Нұрлан имам Байжігітұлының "Жыл адамы - 2023" атағын иемденгені белгілі болған еді.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Садраддин он екі мың адам жинап, жеке кешін өткізген болатын. Концертінде жанды дауыста "Ана" жайлы ән салған әртіс жылап қалған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2036986-zas-ansi-sadraddin-zyl-ansisi-2023-atagyn-iemdendi/

pixel