Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Актер Әбунасыр Серіковтің денсаулығы сыр бергені рас па

Опубликовано:

Әбунасыр Серіков
Әбунасыр Серіков. Фото: ticketon.kz

Танымал актер Әбунасыр Серіков қазіргі таңда денсаулығына байланысты Шымкентте ем алып жатыр. Бұл жайлы актердің ұлы Әбілмансұр Серіков Тимур Балымбетовке берген сұхбатында айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Актердің ұлының айтуынша, Әбунасыр Серіков қазіргі уақытта денсаулығына байланысты ем алуда.

"Ол кісі денсаулығына байланысты Шымкентте. Қазір ем қабылдап жатыр. Массажы бар, сынықшысы бар. Грыжасы бар. Сол жерде Түлкібастан дертін басатын су алдырады. Негізі Алматыда тұрады.

Емделетін нәрсе шығар. Бірақ, ұзақ болып кетті. Біресе, жүреді. Біресе, "Суық тигізіп алдым, ауырып қалдым" дейді", - деді актердің ұлы Әбілмансұр Серіков.

Айта кетейік, Әбілмансұр Серіков осыған дейін көпбалалы әке екенін және әлі күнге пәтер жалдап тұратынын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2037707-akter-abunasyr-serikovtin-densaulygy-syr-bergeni-ras-pa/

pixel