Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде актриса Сара Амангелдінің ұзату тойынан видео тарады (видео)

Опубликовано:

Жазира Байырбекова, Сара Амангелді
Жазира Байырбекова, Сара Амангелді. Скриншот: instagram.com/zhazira_bairbekova

Күні кеше актриса Сара Амангелді әлеуметтік желіге қалыңдық көйлегімен сурет жүктеп, көпшілікті қызықтырып қойған болатын. Осыдан соң желіде Сара Амангелдінің ұзатылған видеосы тарады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видеоны әнші Жазира Байырбекова Instagram парақшасына жариялады.

Сонымен қатар видеодан ұзатылатын қыздың сәукелесін Ләйлә Сұлтанқызы ұстап тұрғанын байқауға болады.

Ал кейінірек желіде Сара Амангелді мен әнші Тұрар Ыдырыстың ұзату тойында бірге отырған видеосы тарады.

Желі қолданушылары жұлдыздардың бұл видеосын түсінбей, қызу талқыға салған.

Осыдан соң әнші Тұрар Ыдырыс бұл кино түсірілімінен үзінді екенін Instagram парақшасында айтты.

"Осыдан біраз уақыт бұрын Гүлнұр Мамасарипова киноға шақырту берді. Басты рөлдің бірі. Осы жолы өзімді сынап көрейін дедім.

Жарасып тұрсыңдар дегендеріңізді ескеріп қоямын. Анамның өзі қарсы емес", - деп жазды Тұрар Ыдырыс.

Айта кетейік, кеше желіде Сара Амангелдінің қалыңдық бейнесіндегі видеосы тараған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2037820-zelide-aktrisa-sara-amangeldinin-uzatylgan-videosy-tarady-video/

pixel