jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Уақыт бәрін реттейді": әнші Ayree 12 жастағы ерекше ұлы жайлы жан сырын ақтарды

    Ayree
    Ayree. Скриншот: Динара Сәтжанның бағдарламасынан

    Осыдан біраз уақыт бұрын отандық әнші, көпшілікке Ayree лақап есімімен танымал Әйгерім Рақышева 18 жасында тұрмысқа шығып, ерекше бала тәрбиелеп отырғанын баяндап берген болатын. Өнер иесі "1001 түн" бағдарламасында қиын сәтте күйзелістен ата-анасының қолдауы алып шыққанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Мұны тағдыр деп қабылдағаныма 4-5 жыл болды. Мен психологтармен де жұмыс істедім. Отбасым да жанымда болды. Бірақ, меніңше, уақыт бәрін реттейді. Оның өскені, күлгені мен үшін - бақыт. Сондықтан мен өзімді жаман сезінбеймін, бақыттымын. Оны қабылдау мәселесі маған да қиын болды.

    4-5 жыл күйзелісте болдым. Ата-анамның көмегі мені күйзелістен алып шықты. "Бәрі жақсы болады. Түк қорықпа. Одан да өтеміз. Тік жүріп, еңбектен. Биіктен көрінесің. Біз жаныңдамыз. Сен сынба" деп, махаббатына бөледі. Ата-анамның тәрбиесі бөлек. Әрдайым қолдады.

    Әрине, сындым да, құладым да. Өзім студентпін. Ақша керек. Жұмыс істеймін. Балаға ақша керек. Емге қаражат көп кетеді", - деді Ayree.

    Естеріңізге сала кетейік, Ayree лақап есімімен танымал Әйгерім Рақышева 18 жасында тұрмысқа шыққанын және ерекше бала тәрбиелеп отырғанын айтқан болатын.

    Сонымен қатар әнші 12 жастағы ұлының жүріп кетуі үшін бәрін жасайтынын жеткізді.

    "Уақыт бәрін реттейді": әнші Ayree 12 жастағы ерекше ұлы жайлы жан сырын ақтарды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.