Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бәрінен бас тарттым": әнші Ayree бұрынғы күйеуінің өз отбасы бар екенін айтты

Опубликовано:

Ayree
Ayree. Скриншот: Динара Сәтжанның бағдарламасынан

Осыдан біраз уақыт бұрын отандық әнші, көпшілікке Ayree лақап есімімен танымал Әйгерім Рақышева 18 жасында тұрмысқа шығып, ерекше бала тәрбиелеп отырғанын баяндап берген болатын. Өнер иесі "1001 түн" бағдарламасында бұрынғы күйеуінің баладан бас тарту туралы құжатқа қол қойғанын баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ayree бағдарлама барысында қиын сәтте күйзелістен ата-анасының қолдауы алып шыққанын айтқан болатын. Сонымен қатар әнші емге ақша қажет болғаны үшін жұмыс істегенін де баяндады.

Ал Бағдарлама жүргізушісі әншіден "Баланың әкесі көмектеспеді ме?", - деп сұрады.

Ayree өзі шешім қабылдап, барлық көмектен бас тартқанын жеткізді.

"Мен өзім сондай шешім қабылдадым. Меніңше, көмектесу ол - баланың жанында болу керексің. Жауапкершілік болу керек. Ал енді басқа жерде жүріп, тек алимент төлесең, білмеймін... Бәрінен бас тарттым. Бірақ өзімнің бір талабым болды. Яғни, "Баладан бас тарту" туралы өтініш жазды. Мен солай айттым. Барлығы заң бойынша, сот болды. Сол сот шешімі бойынша, бәрінен бас тартып, өз қолыма алып, кеттім", - деді әнші Ayree.

Сонымен қатар әнші бұрынғы күйеуінің жақсы адам екенін де атап өтті.

"Әлімханның әкесі негізі жақсы адам. Ол да сынақтан өтті. Оған сенемін. Жалпы араласпаймыз, оның отбасы бар. Оның ата-анасы да жақсы адамдар. Бірақ солай болып қалды. Бұл - тағдыр. Қателеспейтін адам жоқ. Ол өте жақсы адам. Ол өз қателігін біледі. Мен де өз қателігімді жақсы білемін. Осындай бала үшін оған алғысымды білдіремін", - деді әнші Ayree.

Естеріңізге сала кетейік, Ayree лақап есімімен танымал Әйгерім Рақышева 18 жасында тұрмысқа шыққанын және ерекше бала тәрбиелеп отырғанын айтқан болатын.

Сонымен қатар әнші 12 жастағы ұлының жүріп кетуі үшін бәрін жасайтынын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2037920-barinen-bas-tarttym-ansi-ayree-buryngy-kuieuinin-oz-otbasy-bar-ekenin-aitty/

pixel