"Ұлы үйлену керек болатын": Индира Елемес марқұм композитор Арман Дүйсенов жайлы айтты
Жарияланған күні:
Биылғы жылдың қаңтарында танымал қазақстандық композитор Арман Дүйсенов өмірден өткен болатын. Әнші Индира Елемес "Қызықты weekend" бағдарламасында композитордың үлкен ұлы үйленіп, қызы тұрмысқа шығатынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Қателеспесем, Арман Дүйсеновпен 2015 жылдан бері жақсы араластық. Отбасымызбен жақсы араластық. Ол кісі осы студияда болды. Өмірден өтерінен бір күн бұрын сөйлестік. Таңертең "Ағаң кетіп қалды" деп хабарласты. Қалай қайтыс болды деп, түсіне алмадым.
Ол кісі Стамбулға кетуі керек болған еді. Билет алынып қойған еді. Енді Алланың жазғаны. Күнде көріп жүрген адам болғасын, көңіліме алып қалдым. Ол кісі туралы айту әлі де қиын. Қайтыс болғаннан кейін ол кісіге кірген болатынмын. Ол картина көз алдымнан кетпейді", - деді Индира Елемес.
Сонымен қатар Индира Елемес композитордың жары Айсұлумен араласып тұратынын жеткізді.
"Қызы Лондонда оқитын еді. Оқуын бітірді. Қазір жұмысқа орналасайын деп жатыр. Үлкен ұлы үйлену керек болатын. Осы жағдайдан кейін шегеріп отыр. "Жылдық асы өтпейінше, жасай алмаймыз" деп шегеріп отыр. Негізі сол кезде үйленуі керек болатын. Кіші ұлы мектепте.
Айсұлу ханымға өте ауыр, қиын. Ол кісі "Әлі де өмірден өткеніне сенбеймін. Келіп қалатын сияқты. Енді жоқ екенін сезініп жатырмын" дейді. Қызы да тұрмысқа шыққалы жатыр", - деді Индира Елемес.
Естеріңізге сала кетейік, биыл 24 қаңтарда композитор Арман Дүйсеновтің өмірден өткені белгілі болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2037958-uly-uilenu-kerek-bolatyn-indira-elemes-marqum-kompozitor-arman-duisenov-zaily-aitty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.