"Өз өміріңізді сүріңіз": аяғы ауыр Ерке Есмаханды оқырманының кеңесі ашуландырды (фото)
Жарияланған күні:

Әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желіде өзіне сұраусыз кеңес берген оқырмандарына жауап берді. Аяғы ауыр өнер иесі Instagram парақшасында "сұрақ-жауап" айдарын ұйымдастырған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Желі қолданушысының бірі Ерке Есмаханға ішін жиі ұстай бермеуге және салмақ қосуға кеңес берген.
"Жабысқан көйлек киіп, ішіңізді ұстай бермеңізші. Кең киім ки. Сосын салмақ қос", - деп жазған әншінің оқырманы.
Ал Ерке Есмахан желі қолданушысына өз өмірін сүруге кеңес берді.
"Қандай ниетпен жаздыңыз, түсінбей қалдым ғой?! Ұстасам, өзімнің ішім. Біреудікін ұстап жатқан жоқпын. Киімді жабыстырып киемін бе, ашып жүрем бе, шаруаңыз болмасын. Мен семіргеннен сізге не пайда? Өз өміріңізді сүрсеңізші", - деп жауап берді Ерке Есмахан.

Айта кетейік, биыл қаңтарда шаңырақ көтерген жұлдызды жұп, жақында сәбилі болатынын хабарлады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2038028-oz-omirinizdi-suriniz-ayagy-auyr-erke-esmaxandy-oqyrmanynyn-kenesi-asulandyrdy-foto/