Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көбісі білмеуі мүмкін": Ескендір Хасанғалиевтің ұлы әкесі жайлы ел білмейтін деректі бөлісті

Опубликовано:

Ескендір Хасанғалиев
Ескендір Хасанғалиев. Фото: instagram.com/birjan_khassangaliev

Қазақстанның мемлекеттік сыйлық иегері, әнші-композитор Ескендір Хасанғалиев 2021 жылы өмірден өткен болатын. Композитордың ұлы Біржан Хасанғалиев әкесі жайлы ел білмейтін деректі бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Көбісі білмеуі мүмкін, әкем нағашыларының қолында тәрбиеленді. Сол кісілердің атымен тарихта қалды. Негізі, туған әкесі Құбаш Ибрашев деген кісі. Ол 1942 жылы ауырып, 24 жасында қайтыс болған", - деп жазды Біржан Хасанғалиев Instagram парақшасында.

Сонымен қатар композитордың ұлы әкесі жайлы кітаптың жарыққа шығатынын айтты.

"Қазіргі уақытта әкемнің өміріне және шығармашылығына арналған кітап аяқталуға жақын. Алла жазса, 2024 жылдың басында жарық көреді", - деді Біржан Хасанғалиев.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін композитордың жұбайы Дарико Хасанғалиева күйеуімен қалай танысқаны жайлы айтып берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2038382-kobisi-bilmeui-mumkin-eskendir-xasangalievtin-uly-akesi-zaily-el-bilmeitin-derekti-bolisti/

pixel