Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бұрынғы "Нұр-Мұқасан" тобы қайта құрылуы мүмкін бе: Мұқасан Шахзадаев жауап берді

Опубликовано:

"Нұр-Мұқасан" тобы
"Нұр-Мұқасан" тобы. Скриншот: Топтың "Жылдар" бейнебаянынан

"Нұр-Мұқасан" тобы 2000-ші жылдары хит әндерді жарыққа шығарып, танымал болды. Тарап кеткен топтың әншісі Мұқасан Шахзадаев әріптесі Нұрлан Қонысбаевпен қандай қатынаста екенін "Ұйқым келмейді" бағдарламасында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Топтың құрылғанына биыл 33 жыл болады. Нұрлан өз алдына шығармашылықпен айналысуда. Мен бөлек кеттім. Екеуіміз екі бөлекпіз. Дегенмен, кім біледі? Бәрі мүмкін ғой. Алдағы уақыттың еншісінде.

Желідегі суреттегідей кездескенде құшақтасып, амандық-саулық сұрасамыз. Өткенде жақын бір досымыздың туған күнінде бас қосқанымыз бар", - деді Мұқасан Шахзадаев.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Мұқасан Шахзадаев төрт баласы мен жұбайы жайлы айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2038694-muqasan-saxzadaev-nur-muqasandagy-nurlan-qonysbaevpen-qandai-qatynasta-ekenin-aitty/

pixel