Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Төрт ұлым бар": Мұқасан Шахзадаев отбасы жайлы айтты

Опубликовано:

Мұқасан Шахзадаев
Мұқасан Шахзадаев. Скриншот: "Ұйқым келмейді" бағдарламасы

Әнші Мұқасан Шахзадаев төрт баласы мен жұбайы жайлы айтты. Өнер иесі "Ұйқым келмейді" бағдарламасында әйелінің 14 жыл декретте отырғанын баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Төрт ұлым бар, тәубе. Қаталмын деп айта алмаймын. Балаларымды бос ұстамаймын, еркелетпеймін. Үлкен ұлым - Димаш, сосын Дастан, Диар, Әли-Шах есімді ұлдарым бар. Ұлым Диар биыл мектеп бітіріп, жоғары оқу орнына түсті. Астана қаласына грантқа түсті. Кенже ұлым 5,5 жаста.

Келіншегім бірінші мамандығы бойынша неміс тілінен сабақ берді. Екінші мамандығын сырттай бітіріп алды. Декреттік демалыста 14 жыл отырды. Қазір декреттік демалыстан шығып, жұмыс істеп жүр", - деді Мұқасан Шахзадаев.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Мұқасан Шахзадаев көркемдік жетекші қызметі үшін 157 мың теңге жалақы алатынын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2038587-tort-ulym-bar-muqasan-saxzadaev-otbasy-zaily-aitty/

pixel