Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұялып жүрмін": Бүркіт желіде әйелі Аиша мен Болат Назарбаевқа қатысты тараған қауесетке нүкте қойды

Опубликовано:

Бүркіт пен Аиша
Бүркіт пен Аиша. Фото: instagram.com/aisha_vee

Осыдан біраз жыл бұрын әнші Бүркіттің жұбайы мен Болат Назарбаевқа қатысты халық арасында қауесет тараған болатын. Айбек Жансейітов "Уақыт көрсетеді" бағдарламасында бұл әңгіменің нүктесін қойып, бар шындықты айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Ол кісі тойларға шақыратын. Біз барамыз. Әнімізді айтамыз. Дастарқанына отырғызады. Ол кісіден ешқашан ондай сөз, әрекет дегенді естіген емеспін. "Алып қашты" дегенді талай естігем. Талай жазды ғой бізге. Біреулер жаза береді, жаза береді. "Содан кейін Бүркіт барып, атысып, қырылысып, екі-үш күннен кейін зорға қайтарып алды" дейді. Сөзім жоқ. Негізі өсек шығарған адамды табу керек еді. Егер ондай болса, осы уақытқа дейін еститін еді ғой. Жанымызда жүр ғой, Мақпал әпкеміз бар, Жүнісова. Тағы көп әнші бар, ұйымдастырушылар бар. Еститін еді ғой біреуі, көретін еді.

Біз әрқашан да баратынбыз. Ол кісінің, керісінше, ондайы жоқ. Сабырлы. "Қалай балам, жақсы ма бәрі?" дейді. Өзінің дастарқанына отырғызып қояды. Талай тойына бардық қой. Ақшасын береді, төлейді. "Болды, жақсы, рақмет" деп қайтамыз.

Мен тіпті ол кісіден ұялып жүрмін. Өйткені, ол кісіге де жеткен шығар бұл өсектің бәрі. Әдейі жасап жатқан сияқты. Бұл - өтірік. Өсектің нағыз өсегі. Аиша да "Елдің бәрі әбден сенетін болды-ау, қанша жыл болды?!" дейді. Жарайды енді, не істейміз? Мен бұл туралы ешқашан сұқбат берген жоқпын. Бір-ақ рет Instagram желісінде "Осындайларыңды қойыңдар, өтірік-өсекке сене бермеңдер" деп айтқанмын. Ол кісілер әншілерге өте жақсы қарайды. Дастарқанына отырғызып, құрметтеп, шығарып салады", - деді Бүркіт.

Айта кетейік, әнші Бүркіт пен Аишаның отау құрғанына 13 жыл толған. Жұлдызды жұп екі ұл мен бір қыз тәрбиелеп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2039036-uyalyp-zurmin-burkit-zelide-aieli-aisa-men-bolat-nazarbaevqa-qatysty-taragan-qauesetke-nukte-qoidy/

pixel