jitsu gif branding logo appbranding logo app

"Шындық қой": Бүркіт әйелі Аишаның дауысына қатысты ел сынына жауап берді

Бүркіт пен Аиша
Бүркіт пен Аиша. Фото: tolqyn.kz

Бүркіт пен Аиша қазақстандық шоу-бизнестегі жұлдызды жұп. Әнші Айбек Жансейітов "Уақыт көрсетеді" бағдарламасында әйелінің дауысына қатысты көпшіліктің сынына пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Бір жағынан енді шындық қой. Ол кісі әнші емес қой. Ол - биші. Үйленбей тұрып, мен ұсыныс жасағанымда "Жазып көрейік" дедім. 2009-2010 жылдар, бәрі дамыған кез. Ол енді мені жақын тартуы үшін, "жүрегіне жақын тартсын" деген алдауым болды.

Бір әнді жазып, бейнебаян түсірдік. Биімен жақсы кетті. Өте жақсы билейді. Халық қабылдай бастады. Халық күтпеген жерден қабылдайды ғой. "Жарайды, тағы бір өлең жазып көрейік" дедім. Үйленіп алдық. Содан кейін тағы бір ән жаздық. Солай дауысы шыға бастады. Менде де асып жатқан дауыс жоқ. Қоңыр дауысым бар", - деді Бүркіт.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Бүркіт желіде әйелі Аиша мен Болат Назарбаевқа қатысты тараған қауесетке нүкте қойған болатын.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.