"Бұл баламның өмірі ұзақ болсын": Серікзат Дүйсенғазы елуді еңсергенде дүниеге келген ұлы жайлы айтты
Жарияланған күні:
Ақын Серікзат Дүйсенғазының кеше тағы бір ұлы дүниеге келді. Айтыскер "Ұйқым келмейді" бағдарламасында елуді еңсергенде өмірге келген сәбиі мен әйелінің жағдайы жайлы айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Бұрын менің ұлым да болды, қызым да болды. Әлихан марқұм баламның кетуі мен араға он айдай салып, өмірге осы баламыздың келуі кішкене ойландырады. Жасым да елуді еңсерді. Құдайдың құдіреті, сансыз шүкірлік. Жеңгелеріңіздің жағдайы жақсы.
Баланы көрдім. Өзімнен айнымайтын қара бала өмірге келіпті. Әлихан да дәл осылай өмірге келді. Әлихан өмірге келгенде, айтыс болып жатқан. Алла ұзағынан сүйіндірсін. Бұл баламның өмірі ұзақ болсын деймін. Балаларымды ғылымға, өнерге тәрбиелеуге тырысамын. Сондай болсын деп тілеймін", - деді Серікзат Дүйсенғазы.
Сонымен қатар ақын жаңа туған нәрестенің есіміне байланысты да айта кетті.
"Менің балаларымның есімдерін академиктер қойды. Тағы да бір академик ағамызды ойлап отырмыз. Балаға жақсы есім қоямыз. Әлиханның ізбасары ғой енді. Сондықтан Әлиханның ізбасары болатындай, қайреткерлердің есімін қоямыз деп топшылап отырмын. Қазір ағайын-туыспен, отбасымызбен ақылдасып жатырмыз. Шешімі бір-екі күнде шығады.
Басында ер адам болсам да, көз жасыма ерік беріп алдым. Әлиханды жоғалтқан кездегі көңіл-күйімді ешкімнің басына бермесін. Әлиханның адами болмысы, таланты мыңнан біреуге берілетін бала еді", - деді Серікзат Дүйсенғазы.
Айта кетейік, ақын Серікзат Дүйсенғазы кеше ұлы дүниеге келді.
Естеріңізге сала кетейік, Серікзат Дүйсенғазының биыл қаңтар айында тұңғышынан көз жазып қалған болатын. Кейін ақын желіде марқұм ұлына арнайы жазба арнап, қайғысын бөліскен барша қазақ халқына алғысын айтқан еді.
Сондай-ақ ақын ұлының қазасынан соң алғаш рет сұхбат берген болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2039436-bul-balamnyn-omiri-uzaq-bolsyn-aqyn-serikzat-duisengazy-zana-tugan-uly-zaily-aitty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.