Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүркіт бірнеше жылға сотталған Қайрат Боранбаев пен Мейірхан Шерниязов туралы айтты

Опубликовано:

Айбек Сейітов
Айбек Сейітов. Видеодан кадр: youtube.com/@uaqyt_korsetedi

Бүркіт лақап атымен танымал қазақстандық әнші Айбек Сейітов "Уақыт көрсетеді" бағдарламасында Қайрат Боранбаев пен қаржы пирамидасы ісі бойынша сотталған қазақстандық вайнер, актер Мейірхан Шерниязов туралы пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жүргізуші Айбек Сейітовке 6 жылға сотталған Қайрат Боранбаевпен көрісуге бару ойда бар ма деген сұрақ қойды.

"Мен енді ол кісімен қатты араласпасам да (көрісіп қайту - ред.) ойымда бар. Бұл негізі ұмытылмайтын нәрсе екен.

Мысалы, бұрын пәтерде тұрған кезімізде көршілес бір жігіт тұрған. Кейін ол көшіп кетті. Сол (көршіміз - ред.) Жаңаөзеннің мәселесімен 8 жылға сотталып кетті. Ол 4 жыл отырып, кейіннен шықты. Ол енді көршіміз ғой, анда-санда көрісіп тұратынбыз, сәлеміміз түзу. Ол Қапшағай жақта отырған екен. Содан соң темекі, тамақ, барлық қажеттілігін алып, бір рет барған кезімде, ол шықты. Қуанып кетті мені көріп "Бұл жерге Бүркіт келіп тұр" деп. Елдің бәрі шулап жатыр ана жақта "Бүркіт келді" деп...

Содан әңгемелесіп бес-он минут тұрып, кейін қайттым. Әлі күнге дейін ұмытпайды ғой соны. Халімді сұрап маған жазып тұрады. Бір жерде көріп қалса, біреулердің көзінше айтып тұрады жаңағыны. Ондай нәрсені ұмытпайды. Ұмытылмайтын нәрсе ол. Мен "қоя салшы, болды. Болды, ұмытыңыз оны" дедім. Ол көршім болғаннан кейін кішкене көңілін аулайын деп барған едім", - дейді ол.

Сондай-ақ Айбек Сейітов істі болған бірнеше адамға кіріп-шығуды жоспарлап жатқанын айтты.

Оның сөзінше, жолыққысы келетін адамдардың бірі бұған дейін қаржы пирамидасы ісі бойынша сотталған Мейірхан Шерниязов, екіншісі қызмет бабын асыра пайдалану және "ҚазТрансГаз" АҚ-ның қаражатын жымқыру ісі бойынша 6 жылға сотталған Қайрат Боранбаев.

Алайда әншінің айтуынша, үшінші адамды ешкім танымайды, сол себепті Айбек Сейітов оның есімін жариялаудан бас тартты.

"Мейірхан біздің киномыз - "Супер Агенттерге" түсті. Одан кейін тағы бір жігіт бар, оны ешкім танымайды", - дейді әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2039530-burkit-birnese-zylga-sottalgan-qairat-boranbaev-pen-meiirxan-serniyazov-turaly-aitty/

pixel