Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Актриса Индира Сабирова күйеуінің өзіне қойған шарттарын айтты

Опубликовано:

Индира Сабирова жұбайымен
Индира Сабирова жұбайымен. Видеодан кадр: "Мамский әңгіме" бағдарламасы

Актриса Индира Сабирова вокалдан беретін ұстазына тұрмысқа шыққан. "Мамский әңгіме" бағдарламасына келген өнер иесі шығармашылығында күйеуі қоятын талаптарды айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Ең бірінші қолдау беретін күйеуім ғой. Кастинг болса, "Қалма, бар" дейді. Сценарий жіберсе, екеуіміз рөлді талқылаймыз. Күйеуімнің маған қоятын шарттары бар. Ол біз үйленбей тұрып айтылды. Кадрде сүйісу сахналары болмауы керек. Ашық сахналар болмауы керек. Мұны әр адам түсінетін шығар. Бұл қалыпты нәрсе. Күйеуім актер болса, оның орнында мен де сондай шарт қояр ма едім?

Күйеуім - опера әншісі, педагог. Вокалдан сабақ береді. Нағыз шығармашылықтың адамы. Сол үшін де мені түсінетін шығар. Сондықтан да қолдайтын шығар", - деп айтты Индира Сабирова.

Айта кетейік, осыған дейін актриса күйеуінің өзінен 5 жас үлкен екенін мәлім еткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2039640-aktrisa-indira-sabirova-kuieuinin-ozine-qoigan-talaptaryn-aitty/

pixel