Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тәуекел Мүсілімнің шетелге көшетіні рас па

Опубликовано:

Тәуекел Мүсілім
Тәуекел Мүсілім. Фото: instagram.com/mussilim

Актер Тәуекел Мүсілім Түркия елінен пәтер алған. Өнер иесі Revue news бағдарламасында Стамбұлға барып, актерлік шеберлігін сынап көретінін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бағдарлама мәліметінше, жақында Қазақстанға келген түрік актері Бурак Өзчевит Тәуекел Мүсілімді Стамбұлға шақырған. Енді Тәуекел Мүсілім Қазақстаннан көшуге бекінген.

"Түркиядан пәтер алдық қой. Осы жылы аяқталады. Сол жерге барып, сол ортаға кіріп, Стамбұл қаласында кастингке қатысып, бағымды сынап көремін. Ол жерде актерлік шеберлігің мықты болса, қазақ бол немесе түрік бол бәрібір өтуге болады деп ойлаймын", - деді Тәуекел Мүсілім.

Айта кетейік, Тәуекел Мүсілім отандық фильмдер арқылы көпшілікке танылды. Өнер иесі жұбайы Махаббатпен бірге екі ұл тәрбиелеп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2039641-tauekel-musilimnin-setelge-kosetini-ras-pa/

pixel