Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Осы келінді нағыз келінше ұстаймын": Гүлзира Айдарбекова жаңа түсетін кіші келініне қалай қарайтынын айтты (фото)

Опубликовано:

Гүлзира Айдарбекова
Гүлзира Айдарбекова. Фото: Instagram/gulziraaidarbekova

Продюсер Гүлзира Айдарбекова күні кеше кенже ұлын үйлендіру үшін тойға қызу дайындықты бастап кеткенін айтқан болатын. Ол ұлы Заңғардың жаңа келіншегіне қандай ене болатынын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Осы келінді нағыз келінше ұстаймын деп қоямын. Жүрегім шыдаса, бірақ. Ең бастысы, менің бүкіл шаруамды атқарып, бүкіл жұмысымды сеніп тапсыра алатын, дандайсып кетпейтін, адал келін келсін", - деді Гүлзира Айдарбекова.

Айта кетейік, осыған дейін Гүлзира Айдарбекова тойға қызу дайындық бастап, жаңа келінге ыдыс-аяқ алып жүргенін көрсеткен болатын.

Осыған дейін Гүлзира Айдарбекованың кенже ұлы Заңғар көпшілікке жаңа сүйіктісін таныстырды.

Ал осыдан кейін продюсердің күйеуі Нұртас Айдарбеков ұлының "тәтті шайы" өткенін және болашақ құдаларының оңтүстіктен екенін айтқан болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Заңғар Нұртас осыдан бір жыл бұрын ажырасты.

Гүлзира Айдарбекова пікір
Гүлзира Айдарбекова пікір. Скриншот: instagram.com/gulziraaidarbekova

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2039645-osy-kelindi-nagyz-kelinse-ustaimyn-gulzira-aidarbekova-zana-tusetin-kisi-kelinine-qalai-qaraitynyn-aitty-foto/

pixel