Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақын Серікзат Дүйсенғазы жаңа туған ұлына қандай есім бергенін айтты

Опубликовано:

Серікзат Дүйсенғазы
Серікзат Дүйсенғазы. Видеодан кадр: "Ұйқым келмейді" бағдарламасы

Ақын Серікзат Дүйсенғазы нәресте туылмас бұрын түсіне осыдан он ай бұрын өмірден өткен марқұм ұлы кіргенін айтты. Айтыскер жаңа туған ұлының есімін қалай қойғанын Facebook парақшасында баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Түнеугүні түсіме Әлихан батырым кірді. Әкелеп келіп, құшақтап жатыр. Құшағы ып-ыстық екен. Мен бірдеңе деп үлгергенімше, асығып қайта кетті де қалды. Оянып кеттім де, Алла Тағаланың бір жақсылығы болар деп іштей жорыдым. Құдайдың құдіреті шексіз ғой.

Сәбиіміз дүниеге келгенше, ешкімге жарияламауға тырыстым. Азын-аулақ ағайын ғана білді. Құрсаққа біткенін ауырып жатқан марқұм анам естіп, қатты қуанды. Үшінші қазан күні қазақ даласы шаттықтан дүр сілкінді. Әлиханым өмірден өткен күннен тура он ай өткенде, Жаратқанның шеберлігімен ізбасары туды. Сол үшін Аллаға сансыз шүкірлік айтамын.

"Баланың атын кім деп қойдыңдар?" деген сұрақ толассыз келіп жатыр. Ақылшы ағам, әрі құдайы көршім, алаштанушы-академик Дихан Қамзабекұлы ағамен ақылдастым. "Әлиханның інісі Әлімхан болғаны дұрыс. Бұл есімнің мағынасы да, тарихи маңызы да терең" деген Дихан ағамның салмақты сөзіне тоқтадым. Бірақ оны ешкімге айтқан жоқ болатынмын.

Содан алып-ұшып жұмысқа барсам, деканымыз, профессор Қайрат Сақ аға жиналыс үстінде "Атын қойсаңдар, Әлімхан деп қойыңдар. Әлиханның інісі ғой" деп қалды. Қайрат ағаның дөп түскеніне сәл жымиыдым да, "Иә, Дихан ағамен ақылдасып сол есімді қойдық" дедім. Сонымен халықтың батасымен туған балапанға Әлімхан деген көркем есім қойылды", - деп жазды Серікзат Дүйсенғазы.

Айта кетейік, ақын Серікзат Дүйсенғазы кеше ұлы дүниеге келді.

Естеріңізге сала кетейік, Серікзат Дүйсенғазының биыл қаңтар айында тұңғышынан көз жазып қалған болатын. Кейін ақын желіде марқұм ұлына арнайы жазба арнап, қайғысын бөліскен барша қазақ халқына алғысын айтқан еді.

Сондай-ақ ақын ұлының қазасынан соң алғаш рет сұхбат берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2039651-aqyn-serikzat-duisengazy-zana-tugan-ulyna-qandai-esim-bergenin-aitty/

pixel