Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Орны ерекше": айтыскер Сара Тоқтамысова жұбайы жайлы айтты

Опубликовано:

Сара Тоқтамысова
Сара Тоқтамысова. Фото: instagram.com/sarkanai

Ақын Сара Тоқтамысова жұбайы жайлы айтты. Айтыскер "Ұйқым келмейді" бағдарламасында өнер әлемінде жүргені күйеуінің қолдауының арқасында екенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Өнердің тізгінін ұстаған әйел адамды бірінші жолдасы қолдамаса, өнері де, кәсібі де түк емес. Сен өнерде жарқырап тұрып, үйде күйеуің тоқпағын ойнатса не болады? Сондықтан өнер жолындағы адамды алса, ол – жауапкершілік. Менің жарқырап жүруім мен сахнаға тайсалмай шығуымда күйеуімнің орны ерекше.

Екеуіміз отау құрғанда, ол 28 жаста, мен 22 жаста болдым. Ақыл тоқтатқан жас қой. Оның үстіне айтыс адамдары бірде былай, ауа райы секілдіміз ғой. Түсінген азаматтың арқасында ғой. Кез келген жерде қолпаштап отырса, қанаттанамын", - дейді Сара Тоқтамысова.

Айта кетейік, Сара Тоқтамысова мен жұбайы бүгінде екі ұл мен бір қыз тәрбиелеп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2039816-kuieuimnin-oryny-erekse-aitysker-sara-toqtamysova-zubaiy-zaily-aitty/

pixel