Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сара Тоқтамысова: Қағбаны айналып жүріп, бір қыз сұрадым (видео, фото)

Опубликовано:

Сара Тоқтамысова
Сара Тоқтамысова. Фото: instagram.com/sarkanai

Екі ұлдан кейін қызды болған ақын Сара Тоқтамысова перзентханадан үйіне шықты. Айтыскер желідегілерге сырын айтып, қыз перзент сүю туралы тілегін Қағбаны айналып жүріп, Алладан сұрағанын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Перзентханадан шығарып алу жайлы видеолар көре беретінмін. Әр әйелдің іштей қиялы - арманы болады ғой. Енді "осы көріністің кейіпкері өзім ғой" деп толқып отырмын. Естеріңізде болса, осыдан бір жыл бұрын жолдасым екеуіміз Умра қажылыққа бардық. Қағбаны айналып жүріп, іштей Алладан жаныма серік болатын бір қыз перзент сұрадым. Жолдасымның дұғасында осы сөз болған екен.

Сосын мамыр айында аяғымның ауыр екенін білдім. Бірақ "Ұл ма? Қыз ба?" деп әбігерге түспедім. Себебі тұңғышымды көтере алмай, төрт жыл күткен күндерім еске түссе, тәубеме келемін", - деді айтыскер Instagram парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, Сара Тоқтамысова екі ұлдан кейін өмірге қыз перзент әкеліп, Сүйкімді деген есім берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2005201-sara-toqtamysova-qagbany-ainalyp-zurip-bir-qyz-suradym-video-foto/

pixel