Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Міржақып. Оян, қазақ" фильмі қоғамдық шудан соң прокатқа қайта шығатын болды

Опубликовано:

"Міржақып. Оян, қазақ" фильмі
"Міржақып. Оян, қазақ" фильмі. Фото: instagram.com/murat_yeszhan

Кешеден бері "Міржақып. Оян, қазақ" фильмінің отандық кинотеатрлардағы көрсетілімі тоқтаған болатын. Қоғамдық шудан соң фильмнің көрсетілімі тағы бір аптаға созылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы фильмнің режиссері Мұрат Есжан Instagram парақшасында хабарлады.

"Қуанышты жаңалық! Қалың көрерменнің қалауымен "Оян, қазақтың" кинотеатрлардағы көрсетілімі тағы бір аптаға ұзартылды. Енді талабымызға қадамымыз сай боп, келесі аптаны да аншлаг жасайық. Кинотеатрлар да сұранысты көрді ғой. Мүмкін сеанс санын бұдан да ұлғайтар.

Фильм 100 пайыз мемлекет қаржысына түсірілген. Мемлекеттің жұмсаған қаржысы ақталған алғашқы тарихи жоба болса деген тілек бар", - деп жазды Мұрат Есжан.

Айта кетейік, осыған дейін "Міржақып. Оян, қазақ" фильмінің кинотеатрдағы көрсетілімі тоқтатылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2039899-mirzaqyp-oyan-qazaq-filminin-kinoteatrlardagy-korsetilimi-qogamdyq-sudan-son-tagy-bir-aptaga-uzartyldy/

pixel