Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әкеме тірек болғым келді": Жұлдызай Дүйсенбиева отбасындағы қуанышты бөлісті (фото)

Опубликовано:

Жұлдызай Дүйсенбиева "Ниет" бағдарламасында
Жұлдызай Дүйсенбиева. Фото: instagram/zhuldizay_duisenbieva

Актриса Жұлдызай Дүйсенбиева әкесінің отбасында 46 жылдан кейін орын алған қуанышты бөлісті. Өнер иесі бұл жайлы көпшілікке Instagram парақшасында айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Жанұямызда 46 жылдан кейін алғашқы сүндет той өтіп жатыр. Ата-анамның қуанғанын көру бақыт, шүкір.

Әкеме ұл ретінде тірек болғым келді. Ер-азаматтың тірлігін қанша істесем де, жолын жасай алмайды екенмін", - деп жазды актриса.

Естеріңізге сала кетейік, Жұлдызай Дүйсенбиева осыған дейінгі сұхбатында өзінің отбасы жайлы жан сырын ақтарған болатын. Өнер иесінің анасы қызы үшін жалаңаяқ қар кешкен күндерін айтып берді.

Айта кетейік, актриса 2014 жылы тұрмысқа шығып, 2015 жылы қызды болды. Өнер иесі пандемия кезінде екінші сәбиіне аяғы ауыр болғанын алайда одан айырылып қалғанын баяндап берді.

Жұлдызай Дүйсенбиева
Жұлдызай Дүйсенбиева. Скриншот: instagram.com/zhuldizay_duisenbieva

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2040117-akeme-tirek-bolgym-keldi-zuldyzai-duisenbieva-otbasyndagy-quanysty-bolisti-foto/

pixel