Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бағжан Октябрь: Маған ұнайтын қыздар қарындастарыма ұнамайды

Опубликовано:

Бағжан Октябрь
Бағжан Октябрь. Видеодан кадр : OZMZғой бағдарламасы

Қазақстандық виолончелист Бағжан Октябрь соңғы уақытта үйленгісі келіп жүргенін айтты. Өнер иесі OZMZғой бағдарламасында болашақ жарына қоятын үш талабын баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Үйлену керек деп жүрмін. Жаныңда бір адам болғаны жақсы. Әлеуметтік желіде әр түрлі видео көресің. Әкесі мен қызы отырады, әкесіне қызы әр түрлі жазба жібереді. Бірінші - үйлену, екінші - әке болу.

Қыздарға ең бірінші талабым, тамақ дайындай алуы. Сосын кез келген нәрсеге талабы болуы, сырт келбеті. Маған ұнайтын қыздар менің қарындастарыма ешқашан ұнамайды", - деді Бағжан Октябрь.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Бағжан Октябрь белгісіз арудың әрекетінен кейін қорқып қалғанын жеткізген болатын.

"Әкеме бір қыз "Мен Бағжанмен күнде бірге қыдырамыз. Түнде бірге боламыз. Бензинін құйып берем" деп жазады екен. Үйге келсем, анам маған біртүрлі қарап отыр. Қарындасым күліп тұр. Негізі көп сұрақ қоя бермейді. "Сенен бірнәрсе сұрайын деп едік" дейді. Қарындасым "Өтірік қой" дейді. Ал үлкендер сеніп қалады ғой. Осыдан кейін біраз қорқып қалдым, қауіпті ғой", - деген болатын Бағжан Октябрь.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2040166-bagzan-oktyabr-magan-unaityn-qyzdar-qaryndastaryma-unamaidy/

pixel