Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тұрмыста": әнші Құрмаш Маханов музасы жайлы айтты

Опубликовано:

Құрмаш Маханов
Құрмаш Маханов. Видеодан кадр: "Жақсы адамдарым" бағдарламасы

Танымал әнші Құрмаш Маханов әндерінің музасына айналған ару жайлы айтты. Өнер иесі "Жақсы адамдарым" бағдарламасында әндерін арнаған қыздың бүгінде отбасылы екенін баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"1997 жылы Құрмаштың жүрегінде бір кісі жүретін. Ол кісі - мотиватор, муза. Мен қандай ән арнасам да, жазсам да сол кісі муза боп тұратын.

Ол сол кездегі бойдақ Құрмаштың музасы. Ол қыздың есімін айтпай-ақ қояйын. Ол қыз тұрмысқа шыққан, төрт ұлы бар. Біз араласпаймыз. Менің өз жанұям, өмірім бар. Ол кісінің өз өмірі бар. Бірақ болғаны ақиқат. Ол кісі керемет әндерді менің орындауыма себепші болды", - деді Құрмаш Маханов.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Құрмаш Маханов тоғыз хитін арнаған арудың бойдақ кездесі музасы екенін баяндап берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2040303-turmysta-ansi-qurmas-maxanov-muzasy-zaily-aitty/

pixel