Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Келінжан" телехикаясындағы гонорары ең жоғары актер кім

Опубликовано:

"Келінжан" телехикаясы
"Келінжан" телехикаясы. Фото: "Келінжан" телехикаясынан скриншот

Продюсер Гүлнұр Мамасарипова танымал отандық телехикая "Келінжандағы" гонорары ең жоғары актерді атады. Ол бұл жайлы "Ұйқым келмейді" бағдарламасында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Ең қымбат актриса, Лейла апай (Лейло Бекназар - Ханинга - ред.). Мен ақшасын айтып отырмын. Ол кісі арзан актер болмауы керек деп ойлаймын. Сөйлеп қалатын актриса ол - Дариға (Бадықова - ред.).

Телехикаяға түскен актер мен актрисалардың жалқауы жоқ. Мен жалқау актер ұстамаймын. Ұмытшағы, Сара (Амангелді - ред.) мен Дәулет (Өсербай - ред.)", - деді Гүлнұр Мамасарипова.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін "Келінжан" телехикаясының актерлері қанша гонорар алатыны белгілі болған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2040646-gulnur-mamasaripova-kelinzan-telexikayasyndagy-en-qymbat-akterdi-atady/

pixel