Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұрар Ыдырыс желіде өзін сынаған Алтынбек Тәшімбетов туралы айтты

Опубликовано:

Тұрар Ыдырыс
Тұрар Ыдырыс. Фото: instagram.com/turar__ydyrys

Әнші Тұрар Ыдырыс әлеуметтік желіде 17 мың адамды қара тізімге салған. Өнер иесі Revue News бағдарламасында Алтынбек Тәшімбетовтің де жазған хейтін айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Мені оқитын, жеке танитын кісілер түсінеді. Мен шындықты айта саламын. "Бір күнде бір млн теңге құрта саламын" десем, оны біреулер мақтанып тұр деп ойлайды. "Қалың елім, қазағым" сыпайы сөйлейтін, өтірік нәрсеге үйреніп қалған. Мен әлеуметтік желіде қара тізімге салып қоямын.

Алтынбек Тәшімбетов деген әнші "Мына бала микрофонды дұрыстап ұстап үйреніп алсын немесе фонограммаға қосылуды үйреніп алсын" деген бе, солай жазған. Ойбуй, аға көңіл бөлінбей қалды ма деп қалдым. Ол кісі маған "Дуэт айтайық" деп ұсыныс жасаған. Аккаунтына кіріп көрсем, өзі ғой", - деді Тұрар Ыдырыс.

Еске сала кетейік, осыған дейін әнші Тұрар Ыдырыс бұрынғы продюсерімен арадағы жанжал жайлы шындықты айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2040670-turar-ydyrys-ozine-altynbek-tasimbetovtin-qandai-xeit-zazganyn-aitty/

pixel