Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Актер Азамат Сатыбалды отбасын көпшілікке неге көрсетпейтінін айтты

Опубликовано:

Азамат Сатыбалды
Азамат Сатыбалды. Фото: instagram.com/azamatc

Актер Азамат Сатыбалды жеке өмірі жайлы ақпаратты құпия ұстауының себебін айтты. Өнер иесі DASTARХан бағдарламасында отбасыға қатысты көзқарасын бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Отбасы деген ол - сенікі. Сенің отбасың біреуге қызық болмауы керек. Өнер адамы ретінде мен бәрін ашып тастасам, қалай шай ішем, әйеліммен, баламмен қалай сөйлесем, базарға қалай барам, осының бәрін айтып тастасам, менің көрерменге не қызығым қалды? Оның үстіне тіл-көз деген бар.

Отбасы - менің демалатын, өзімді еркін сезінетін, өзіндік заңдылықтарым бар мемлекетім болуы керек қой. Солай келістік", - деді Азамат Сатыбалды.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Азамат Сатыбалдының жұбайы Назгүл Қарабалина неліктен өнер академиясында ұстаздық етпейтінін түсіндірді. Продюсер мұндай ойы болғанын, алайда сол кезде өнер академиясында ректор қызметін атқарған жұбайы Азамат Сатыбалдыға кедергі келтірмеу үшін бұл ойынан бас тартқанын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2040690-akter-azamat-satybaldy-otbasyn-kopsilikke-korsetpeuinin-sebebin-aitty/

pixel