"Ешкім 18 жаста қалып қоймайды ғой": Ерке Есмахан жасын сөз қылған оқырманына жауап қайтарды (фото)
Опубликовано:

Әнші Ерке Есмахан өзінің жасына байланысты көпшілік сынына пікір білдірді. Өнер иесі Instagram желісінде оқырман сауалына жауап берген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Желі қолданушысы Ерке Есмаханға "Қырықтан ассаңыз да сұлусыз", - деп жазып жіберген.
Ал әнші әлі 40 жасқа толмағанын айтты.
"Қырықтағы қылықты Ерке дегендей ме? Не ғой, мен 40-қа келмедім. Әлі біраз бар. Ешкім 18 жаста қалып қоймайды ғой. Жасқа тиісе берген не бәле осы?
Алла бұйырса, 80-90 жасқа келейін. Немере, шөберелерімнің ортасында Райымбек шалыммен отырып шай ішейін", - деп жазды Ерке Есмахан.
Айта кетейік, осыған дейін әнші өзін "кемпір" деп атайтындарға жауап берген болатын.
Естеріңізге сала кетейік, Ерке Есмахан мен Райымбек Бақтыгереев (Раим - ред.) биылғы жылдың қаңтарында мұсылманша неке қидырды.
Жұлдызды жұп жақында сәбилі болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2040880-40-qa-kelmedim-erke-esmaxan-zasyna-tiisken-oqyrmanyna-zauap-qaitardy-foto/