Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Актриса Сара Амангелді көпшілікке үйін көрсетті (фото)

Опубликовано:

Сара Амангелді
Сара Амангелді. Видеодан кадр: "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасы

Актриса Сара Амангелді жақында пәтер алған. Өнер иесі "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасында көпшілікке үйін көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Әлі қонақтар да, әпкелерім де келмеді. Кеше ғана көшіп келдім. 100 шаршы метр. Дизайнер келіп, кеңес беріп, істеп берді. Анам ғой жасаған. Мен құрылысты түсінбеймін ғой. Үй үш бөлмелі.

Қаражат жағынан өзім атсалысқан жоқпын. Сосын әкем мен анамның айтқанына "иә" деп келісіп, араласқан да жоқпын. Анамның талғамы өте әдемі. Құрылыс заттарын әкелуге көмектестім. Анам мен әкем қаржылай көмек көрсеткенде, менің өз талғамымды айтқаным дұрыс емес деп ойлаймын", - деді Сара Амангелді.

Сара Амангелдінің жатын бөлмесі
Сара Амангелдінің жатын бөлмесі. Видеодан кадр: "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасы

Сонымен қатар Сара Амангелді бағдарлама барысында гардеробын көрсетті.

"Таңғы сағат 5:00-6:00-де оянамын. Бұл жағынан әкем екеуіміз қатты ұқсаспыз. "Сендер ұйықтайсыңдар ма?" деп сұрайды. Тынымсызбыз. Қоғамға, өзіме, бауырларыма көмектескіміз кеп тұрады. "Неге ерте тұрасың" десе, ренжіп қаламыз. Таңертең ұйқыдан оянып жүгіремін.

Бұл киімдер тұрады. Мен киімі жоқ адам сияқты бір шалбарым мен футболкамды киіп аламын. Маған қарапайым боп жүрген ұнайды. Анам мен әкем алып береді. Өзімнің қымбат нәрсеге жағдайым жетпейді. Бренд заттар бар. Бірақ олар сыйға берілген", - деді Сара Амангелді.

Сара Амангелді
Сара Амангелді. Видеодан кадр: "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасы

Актрисаның айтуынша, үйде өзінің жатын бөлмесі, қонақ бөлмесі, ас бөлмесі бар. Әр бөлмеде жеке гардероб орналасқан.

"Әлі күнге сенбей жүрмін. Екі-үш ай өтті. Шынымен үйім бар, "Менікі ме?", "Осы жақта тұра беремін бе?" деп жүрмін. Үйді күніне екі рет тазалаймын, полын жуып, сыпырамын. Таза тұрғаны жақсы ғой. Күнде келесің, ұйықтайсың.

Үй менің атыма жазылмаған. Адамдар алдаса, сеніп қаламын. Адамдар шынын айтып отыр деп ойлаймын. Бірақ адамның бетпердесі барын ойламаймын. Анама "Менің атыма да, өзіме де ештеңе бермеңіздер" деп айтып қойдым", - деді Сара Амангелді.

Сара Амангелдінің қонақ бөлмесі
Сара Амангелдінің қонақ бөлмесі. Видеодан кадр: "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасы

Естеріңізге сала кетейік, біраз уақыт бұрын актриса Сара Амангелді мен әнші Тұрар Ыдырыстың бірге түскен видеосы желіге тараған болатын. Продюсер Гүлнұр Мамасарипова қызы мен Тұрар Ыдырыстың арасын не байланыстыратынын ашып айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2041094-aktrisa-sara-amangeldi-kopsilikke-us-bolmeli-paterin-korsetti-foto/

pixel