Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ирина Қайратовна" тобының мобилографы неден көз жұмғаны белгілі болды

Опубликовано:

Шахназ Жылкайдаров
Шахназ Жылкайдаров. Фото: Telegram/Шахназ Жылкаидаров

"Ирина Қайратовна" тобы 21 жастағы мобилографы неден көз жұмғаны анықталды. Жас жігіт топтың Астанадағы концерті кезінде қайтыс болған еді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Астана қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметі 14 қазанда Шахназ Жылқайдаровтың мәйіті сот-медициналық сараптамадан өту үшін Сот-сараптама институтына жеткізілгенін хабарлады.

Департамент баспасөзінің мәліметінше, өлімнің алдын-ала себебі - жедел геморрагиялық панкреонекроз.

"Өлімнің нақты себебі токсикологиялық сараптаманың қорытындысы шыққаннан кейін белгілі болады. Бұл зерттеулер екі аптаға дейін жүргізіледі", - деп хабарлады Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Астанада "Ирина Кайратовна" тобының концертінде 21 жастағы мобилограф жігіттің қайтыс болғанын, ұйымдастырушыларға концертті тоқтатуға тура келгенін хабарлаған едік.

Кешірек "Ирина Кайратовна" тобы 21 жастағы мобилографтың қазасына байланысты мәлімдеме жасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2041165-irina-qairatovna-tobynyn-mobilografy-neden-koz-zumgany-belgili-boldy/

pixel