Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Концертте қайтыс болған мобилографтың құрбысы желіде тараған алып-қашпа әңгімеге нүкте қойды

Опубликовано:

Шахназ Жылкайдаров
Шахназ Жылкайдаров. Фото: Telegram/Шахназ Жылкаидаров

Бірнеше күн бұрын "Ирина Қайратовна" тобының мобилографы Астанадағы концерт кезінде қайтыс болған еді. Шахназ Жылқайдаровтың құрбысы мобилографқа қатысты желіде тараған алып-қашпа әңгімеге нүкте қойды, деп хабарлайды КТК арнасы.

КТК арнасының мәліметіне сүйенсек, әлеуметтік желіде марқұмның ажалына қатысты түрлі алып-қашпа әңгіме айтылған. Соның бірі - энергетикалық сусынды көп мөлшерде тұтынған болуы мүмкін деген болжам. Алайда, Шахназдың құрбысы Мөлдір мұны жоққа шығарған. Сұқбат беруден бас тартқан бойжеткен марқұмның көзі тірісінде энергетикалық сусынға түбегейлі қарсы болғанын айтып, Шахназдың өліміне энергетикалық сусын себеп болмағанын мәлімдеген.

КТК арнасының ақпаратынша, Мөлдір есімді бойжеткен марқұмның апта бойы жұмыстан бас көтермегенін, тіпті қайтыс боларының алдында екі тәулік бойы көз ілмегенін айтқан.

Айта кетейік, бүгін дәрігерлер мобилографтың өліміне жедел геморрагиялық панкреонекроз дерті себеп болды деген болжам айтты. Ал сараптама нәтижесі екі аптадан кейін белгілі болмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2041242-eki-taulik-uiyqtamagan-koncertte-qaitys-bolgan-mobilograftyn-qurbysy-zelide-taragan-alyp-qaspa-angimege-nukte-qoidy/

pixel