Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сенемін": Медеу Арынбаев ұлы мен қызы жайлы айтты

Опубликовано:

Медеу Арынбаев
Медеу Арынбаев. Видеодан кадр: "Менің өмірім" бағдарламасы

Әнші Медеу Арынбаев ұлы мен қызы жайлы айтты. Өнер иесі "Менің өмірім" бағдарламасында балаларының бүгінде оқу бітіріп, есейгенін баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Ұлым Дәулет оқуды тәмамдап қойды. Достарымен жұмыс істеп жатыр. Жекеменшік бастамалары секілді. Өзіне ерік бердім. Араларына түспей-ақ қояйыншы дедім. "Баламды жұмысқа ал" деп ешкімге хабарласпай-ақ қояйыншы, өз күшімен жетсінші дедім.

Ал қызым оқуға түскен жылы пандемия басталып кетті. Даянам өзім сияқты. Алға қойған мақсатына өзі жетпесе, араласқанды, итермелегенді ұнатпайды екен. Өзінің бағытын тауып алды. Қазір би маманы. Басында спорттық би деп түсіндім. Бала кезінен спортқа, гимнастикаға жақын екенін білемін ғой. Бір жылдай үйреніп, қазір өзінің мектебін, сыныбын ашты. Сабақ беріп жүр. Оның қай мекемеде екенін зерттемеймін, араласпаймын. "Абайлап жүріңдер", "Жақсы барып қайтыңдар", "Қалай болдыңдар?" деп сұрап қоямыз. Мен ұлым мен қызыма сенемін. Мен түсінікпен қараймын", - деді Медеу Арынбаев.

Айта кетейік, осыған дейін Медеу Арынбаев осыған дейін екінші рет отбасы құруға дайын екенін баяндап берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2041296-senemin-medeu-arynbaev-uly-men-qyzy-zaily-aitty/

pixel