Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Дүрбелең болады деп ойламадық": Аида Балаева "Міржақып. Оян, қазақ!" фильмі жайлы пікір білдірді

Опубликовано:

"Міржақып. Оян, қазақ" фильмі
"Міржақып. Оян, қазақ" фильмі. Фото: instagram.com/murat_yeszhan

Министрлер кабинетінде өткен брифингте мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева "Міржақып. Оян, қазақ!" фильмінің көрсетіліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Мұндай дүрбелең болады деп ойламадық. Көрермендер бұл фильмге қызығушылық танытқан соң, оны тағы бір аптаға ұзарттық. Қазір прокаттың мерзімі аяқталды.

Бізде көрерменін күтіп тұрған өзге де фильмдер бар. Сондықтан ешқандай мәселе жоқ деп ойлаймын. Бұл фильм Qazaqstan телеарнасынан үш рет көрсетілді. Алайда мұндай қызығушылық болмады. Фильм қазір жалпыға қолжетімді. YouTube желісінен көре аласыздар", - деді Балаева.

Сонымен қатар Аида Балаева Қазақстанда сапалы фильм түсіре алмайтыны жайлы жаңсақ пікір қалыптасқанын атап өтті.

"Қазақстандық телехикаялар да сапалы болады деген үміт бар. Осыған дейін бізде барлығы нашар сапамен және нашар түсіріледі деген түсінік қалыптасқан болатын. Біздің режиссерлер мен продюсерлік компаниялар лайықты фильмдер түсіре алатынын анық айта аламыз", - деді министр.

Айта кетейік, осыған дейін "Міржақып. Оян, қазақ" фильмінің кинотеатрдағы көрсетілімі тоқтатылған болатын.

Қоғамдық шудан соң фильмнің көрсетілімі тағы бір аптаға созылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2041314-durbelen-bolady-dep-oilamadyq-aida-balaeva-mirzaqyp-oyan-qazaq-filmi-zaily-pikir-bildirdi/

pixel