"Ұлы дала баласы, ұлы даласын сыпырып жатыр": Төреғали Төреәлі қоғамдық жұмыстарды қалай атқарып жүргенін көрсетті (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русскомӘнші Төреғали Төреәлі желідегі парақшасында қала көшелерін тазалап жүрген сәтінен видео жариялады. Бұған дейін өнер иесі сот үкімімен қоғамдық жұмысқа тартылған болатын, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Әнші Instagram желісінде жариялаған видеода өзіне міндеттелген қоғамдық жұмысты қалай атқарып жүргенін көрсеткен. Оның айтуынша, әр адам заңға бағынуға міндетті.
"Ассалаумағалейкүм, ардақты ағайын! Сот үкімімен 40 сағат қоғамдық жұмыс тапсырылған болатын. Түске дейін паркте болдық, түстен кейін қазір осы мекенжайдамыз. Бұл – менің Тәуелсіз Қазақстаным, отаным, елім, жерім. Әлбетте әнұраны, көк туы бар елдің міндетті түрде өз заңы болады. Ол заңға бәріміз бірдей бағынуымыз керек деп ойлаймын. Ұлы дала баласы, ұлы даласын сыпырып, тазалап жатыр", - дейді Төреғали Төреәлі.
Естеріңізге сала кетейік, әнші билік өкілдерін қорлау фактісі (ҚК 378-бабы 1-бөлігі) бойынша кінәлі деп танылып, оған 40 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза белгіленген еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2041407-toregali-toreali-qogamdyq-zumystardy-qalai-atqaryp-zatqanyn-korsetti-video/