jitsu gif
Шоубиз

    "Ұлы дала баласы, ұлы даласын сыпырып жатыр": Төреғали Төреәлі қоғамдық жұмыстарды қалай атқарып жүргенін көрсетті (видео)

    Төреғали Төреәлі
    Төреғали Төреәлі. Видеодан кадр: instagram.com/toregalitoreali

    Әнші Төреғали Төреәлі желідегі парақшасында қала көшелерін тазалап жүрген сәтінен видео жариялады. Бұған дейін өнер иесі сот үкімімен қоғамдық жұмысқа тартылған болатын, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Әнші Instagram желісінде жариялаған видеода өзіне міндеттелген қоғамдық жұмысты қалай атқарып жүргенін көрсеткен. Оның айтуынша, әр адам заңға бағынуға міндетті.

    "Ассалаумағалейкүм, ардақты ағайын! Сот үкімімен 40 сағат қоғамдық жұмыс тапсырылған болатын. Түске дейін паркте болдық, түстен кейін қазір осы мекенжайдамыз. Бұл – менің Тәуелсіз Қазақстаным, отаным, елім, жерім. Әлбетте әнұраны, көк туы бар елдің міндетті түрде өз заңы болады. Ол заңға бәріміз бірдей бағынуымыз керек деп ойлаймын. Ұлы дала баласы, ұлы даласын сыпырып, тазалап жатыр", - дейді Төреғали Төреәлі.

    Естеріңізге сала кетейік, әнші билік өкілдерін қорлау фактісі (ҚК 378-бабы 1-бөлігі) бойынша кінәлі деп танылып, оған 40 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза белгіленген еді.

    "Ұлы дала баласы, ұлы даласын сыпырып жатыр": Төреғали Төреәлі қоғамдық жұмыстарды қалай атқарып жүргенін көрсетті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.