Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абай Бегей үлкен ұлының үйлену тойын дүркіретіп өткізді (фото, видео)

Опубликовано:

Абай Бегей отбасымен
Абай Бегей отбасымен. Фото: instagram.com/abai_begei

Абай Бегей үлкен ұлы Жалғастың сүйіктісін Шымкент өңірінен ұзатып әкеліп, беташар өткізген болатын. Өнер иесі Instagram парақшасында ұлы мен келінінің үйлену тойын көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Той вайбы. Той қызып жатыр", - деп жазды әншінің қызы әлеуметтік желіде.

Видеодан Абай Бегейдің қуанышына ортақтасып Төреғали Төреәлі, Гүлзира мен Нұртас Айдарбековтер, Роза Әлқожа, Ұлықпан Жолдасовтың келгенін байқауға болады.

Сонымен қатар әншінің ұлы Жалғас пен келіні Бадинұр ғашықтар вальсін биледі.

Сонымен қатар Абай Бегейдің үлкен ұлы Жалғас үйлену тойында марқұм болған туған анасына хат арнады.

Хатты той төрінде оқығанда, жиналған қонақтардың бәрі көзіне жас алған.

Естеріңізге сала кетейік, күні кеше Абай Бегей ұлының сүйіктісін Шымкент өңірінен ұзатып әкелген болатын. Кешірек келінді болған әнші беташарды көрсетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2041664-abai-begei-ulken-ulynyn-uilenu-toiyn-durkiretip-otkizdi-foto-video/

pixel