Элизат Берікова танысқысы келген жасы кіші жігітке жауап қайтарды (фото)
Опубликовано:

"Лашын", "КешYOU" топтары арқылы танылған әнші Элизат Берікова өзімен танысқысы келетін жас жігітке жауап қайтарды. Өнер иесі бұл жайлы Instagram парақшасында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Желі қолданушысының бірі әншіге әлеуметтік желіде сауал қойған. Белгісіз азамат Элизат Беріковамен танысқысы келетінін айтады.
"Сізбен танысуға болады ма? Бірақ жасым сізден 2-3 жасқа кіші", - деп сұраған.
Ал өнер иесі өзінен кіші азаматпен таныспайтынын айтқан.
"Кешіңіз, менің екі балам бар. Үшінші бала керек емес", - деп жауап қайтарды Элизат Берікова.
Естеріңізге сала кетейік, екі ұл тәрбиелеп отырған әнші бұрынғы күйеуі көзіне шөп салғаны үшін ажырасып кеткенін ашып айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2042103-elizat-berikova-tanysqysy-kelgen-zasy-kisi-zigitke-zauap-qaitardy-foto/